Новости
Қаламбеков Мұрат — «Жетісу-Ж» жастар командасының бас бапкері болып тағайындалды
12 марта, 2025
387


31 жасар маман Талдықорған қаласының тумасы. Футболға деген сүйіспеншілік өзіміздің футбол орталығында бала кезінен басталды, кейін «Оле Бразил» жобасымен 3 жыл оқуға Бразилияға аттанған. Ойыншы ретінде «Бәйтерек», «Жетісу-Сұңқар», «Жетісу» командалары болған. Бапкерлік мансабын өзіміздің футбол орталығында бастаған, «Академия-Оңтүстік», «Тұран-Ж», «БИІК-Шымкент», Қазақстан Әйелдер Ұлттық құрамында еңбек еткен. Былтырғы маусымда QJ League «Жетісу-U17» жас өспірімдер командасымен күміс жүлдесіне ие болған!