Жаңалықтар
-
Балаларды қорғау күнімен! 1 Маусым , 2023
18
«Жетісу» футбол клубы балаларды қорғау күнімен құттықтайды және жас бүлдіршіндерімізге ашық аспан, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейді. Еліміздегі өскелең ұрпақтың алға қойған мақсаттары мен армандарына жетуіне тілектеспіз.
-
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Ақсуға» қарсы ойын жайлы: 27 Мамыр , 2023
70
- Сәтсіздіктер сериясына пікір білдіру қиын, өкінішке орай екі маңызды ойыншымыз сары қағаздың көптігіне байланысты кездесуге қатыспады. Сол себепті тәжірибесі аз ойыншыларға мүмкіндік беріліп, бұл ойынға әсер етті. Стандарттық жағдайда есепті теңестіргенімізбен, екінші голды да өткізіп алдық. Ойынымыз жаман болса да есеп теңестіретін жүз пайыздың сәттеріміз болды. Өкінішке орай, оларды іске асыра алмадық. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын, олар мұны көптен күтті, оларға сәттілік тілеймін.
-
Тең ойында «Ақсуға» есе жібердік 27 Мамыр , 2023
69
-
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Атыраумен» болған ойын жайлы пікірімен бөлісті 20 Мамыр , 2023
213
- Үйдегі жеңілістен соң бірдеңе айту қиын. Ойын басында жылдам гол өткіздік, сол себепті басқа жоспарға көшу қажет болды. Екінші таймды белсенді бастадық, қысым көрсеттік, бірақ үшінші голды да өткіздік, кейін қарсылас есеп бойынша ойнады. Дұрыс нәтижелер шығарып, алға жылжимыз және алдағы ойындарға дайындаламыз.
-
«Атырауға» жеңілдік 20 Мамыр , 2023
220
-
«Жетісу» қорғаушысы Рафкат Аслан «Қызыл-Жармен» ойын жайлы пікірімен бөлісті: 15 Мамыр , 2023
302
– Чемпионат көшбасшыларына қарсы ойнадық, бұған қарамастан қарсылас алаң иелігімен басымдық ұстады деп айта алмаймын. Матчтағы жалғыз голды біз де соға алар едік. Бұл үшін мүмкіндіктеріміз де болды. Бүгін «Қызыл-Жарға» сәттілік серік болды. Бұл жеңіс оларға оңайға соқпады, әрине. Командамыз әр қарсыласпен соңына дейін күреседі. Алда басқа да ойындар күтіп тұр, біз тек алға қадам басамыз және жанкүйерлерді әлі талай қуантатынымызға сенемін.
-
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Қызыл-Жармен» ойын жайлы пікірін айтты: 15 Мамыр , 2023
294
– Ауа-райы командалық ойынға өз әсерін тигізді. Өте ауыр болды. «Қызыл-Жар» өте жинақы команда, ал біздің ойын бойынша қауіпті сәттеріміз аз болды. Жетпіс минуттай қарсыластық, бірақ одан артық шыдамадық, өз мүмкіндігімізді қолданбай, қақпамыздың алдында қателікпен гол жібердік. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Команда көшбасшылар тобында, олар маусымды жақсы бастады, сәттілік тілеймін!
-
«Жетісудың» қорғаушысы Павел Назаренко «Оқжетпеспен» ойынды қорытындылады 7 Мамыр , 2023
401
– Алғашқы таймда жел кедергі келтірді, сол үшін ойын басы ауырға соқты. Екінші таймда күшімізді барынша жинап шықтық, нәтижесінде, гол соқтық. Командамызда мықты ойыншылар көп, олар бұдан да көбірек гол соғу қажет еді. Бірақ бір гол болса да, үш ұпайды иелендік, жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айта отыра оларды құттықтаймын! Алға Жетісу!
-
«Оқжетпестің» бас бапкері Сергей Попков «Жетісуға» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті 7 Мамыр , 2023
398
- Соңы біз үшін ауыр аяқталғандықтан бірдеңені ашып айту қиын. Алаң иелері үшін қорытынды есеп қуаныш сыйлағаны түсінікті, Асқар Сейдахметұлын алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Ойынға қарап, біз жеңіліске лайықпыз деп айта алмаймын, себебі бізде қауіпті сәттер көп болды, ойыншыларға матч үшін алғыс айттым. Иә, кей сәттерде шабуылдар соңына дейін аяқталмады, егер ойымыз іске асқанда ойын біздің пайдамызға аяқталар еді. Бәлкім бұл біз үшін сынақ шығар, өйткені «Шахтёрмен» кездесуде де соңғы минутта гол өткізгенбіз. Біз үшін ауыр соққы, бірақ бастысы алға жылжуды тоқтатпаймыз.
-
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Оқжетпеспен» болған ойын жайлы пікірін айтты 7 Мамыр , 2023
397
– Бұл турнир кестесіндегі көршілердің тартысқа толы кездесуі болды. Командамыз ойынды қолға алып, алғашқы минуттардан-ақ қысым көрсетуі қажет еді, бірақ қарымта шабуылдарды өткізіп алдық. Сол себепті бірінші таймда қарсыластың қауіпті сәттері көбірек болды. Есеп бізді қанағаттандырмаған соң үзілісте өзгерістер енгізіп, жаңа ойыншыларды шығардық, десе де қарымта шабуылдарға тосқауыл қоя алмадық. Алайда жасаған қысымымыз матч соңында өз жемісін берді. Шешім қабылдау кезіндегі және шабуылдағы қателіктермен жұмыс жасауымыз керек, әсіресе қаптал мәселесін дұрыстап қарастырамыз. Қуанышымызға орай, ойын біздің пайдамызға аяқталды. Өте маңызды жеңіспен және мерекемен барша жанкүйерлерді құттықтаймын!