JETISY FK

Жаңалықтар

Н.Мамонов атындағы турнир
28 Наурыз, 2022 Н.Мамонов атындағы турнир 365
Н.Мамонов атындағы турнир
Бүгін «Жетісу» Орталық стадионында Талдықорған қаласының қоғам және спорт қайраткері Николай Владимирович Мамонов атындағы футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы төрт күнге созылған республикалық турнир өз мәресіне жетті.

 Турнирге (2010-2011 ж.) Талдықорған, Алматы, Шымкент, Өскемен, Шу және Алматы облысының Іле ауданынан барлығы алты команда қатысты. Жарыс жеңімпазы «Жетісу» футбол орталығының командасы атанды (бас бапкер - Константин Белоусов). Жарыс жеңімпазы Екінші орынды Өскеменнің «Алтай» командасы, үшінші орынды Шымкент қаласының «Оңтүстік» академиясының командасы иеленді.
Турнирдің үздік ойыншысы болып «Жетісу» командасының футболшысы Андрей Косенков танылды.
Барлық жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл жарыс Қазақстан жастар құрамаларының күнтізбесіндегі маңызды оқиғаға айналды, соған байланысты жыл сайын республиканың әртүрлі қалаларынан көптеген командалар қатысатын болды.
– Турнирге қатысушылар мұндай жарыстардың өткізілуі Қазақстандағы жасөспірімдер футболының дамуына үлкен септігін тигізетінін атап өтті, соның ішінде спорттық жарыстарды өткізуге өлшеусіз үлес қосып отырған «Жетісу» футбол клубының басшылығына алғыстарын білдірді.
Еске салайық, Николай Владимирович Мамонов «Өркен» спорт кешенінің директоры, N1 жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, «Жетісу» орталық стадионының директоры қызметтерін атқарған. Премьер-лига клубтары мен Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен екі ұлды, кәсіпқой футболшылар Денис пен Дмитрий Мамоновты тәрбиелеп өсірді.

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2024 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2024 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru