Жаңалықтар
Балаларға доптар үлестірілді
6 Мамыр, 2022
647


Қала әкімдігі мен Алматы облысының спорт басқармасы жасөспірімдер футболын дамыту мен қолдауға бағытталған акция өткізді.
Бүгін «Жетісу» футбол орталығының тәрбиеленушілеріне қалалық бюджет қаражаты мен бизнес өкілдерінің қайырымдылық қаржысына сатып алынған доптар сыйға тартылды.
«Жетісу» футбол клубында 2012 жылдан бері футбол орталығы жұмыс істейді, онда 13 жас санатындағы 400-ге жуық бала, оның ішінде қыздар тобы да тегін жаттығады. Орталықтың барлық топтары нысанды киіммен, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, кәсіби балалар жаттықтырушыларының жетекшілігімен оқытылады.