Жаңалықтар
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Ақсуға» қарсы ойын жайлы:
27 Мамыр, 2023
653


- Сәтсіздіктер сериясына пікір білдіру қиын, өкінішке орай екі маңызды ойыншымыз сары қағаздың көптігіне байланысты кездесуге қатыспады. Сол себепті тәжірибесі аз ойыншыларға мүмкіндік беріліп, бұл ойынға әсер етті. Стандарттық жағдайда есепті теңестіргенімізбен, екінші голды да өткізіп алдық. Ойынымыз жаман болса да есеп теңестіретін жүз пайыздың сәттеріміз болды. Өкінішке орай, оларды іске асыра алмадық. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын, олар мұны көптен күтті, оларға сәттілік тілеймін.