Жаңалықтар
Балалар жаттықтырушылары өз шеберліктерін арттыру
14 Маусым, 2023
702


«Жетісу» футбол орталығында талдықорғандық балаларды дайындайтын 5 бапкер Қазақстан футбол федерациясының квалификацияны өсіру жөніндегі орталығында «А», «В» және «С» деңгейлеріне қол жеткізу үшін оқу-тәжірибесінен өтеді.
Бұл мүмкіндік «Жетісу» футбол клубының басшылығының қолдауымен, яғни қажетті қаражат бөліумен іске асып отыр. «Жетісу» футбол клубының басты бағыттарының бірі - Жетісу өңіріндегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту.
Қазіргі сәтте футбол орталығында 400-ден аса бала 14 түрлі топта тегін жаттығуда (3 қыз тобы).