Жаңалықтар
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Тобылға» қарсы өткен ойын жайлы
25 Қыркүйек, 2023
1379


- Тартысты кездесу. «Тобылдың» сапалы ойыншылары барын білеміз және олар еурокубоктардан соң чемпионат ойындарына белсене кірісті.
Оған қоса олар өз үйлерінде ойнады, сол үшін ойыншыларымды мақтағым келеді. Олар жігіттік мінез көрсетті. Бірінші таймда бірнеше сәттеріміз болды, бірақ гол соға алмадық. Пенальтиді де еншіледік. Алғашқы таймда есепті теңестіргенімізге ризамын. Біздің жоспарларымыз екі түрлі, соңғы сәтсіздіктерге байланысты біз өз жағдайымызды қиындаттық, «Мақтаарал» мен «Оқжетпес» бізден алға шығып бара жатыр, сол үшін де бұл 3 ұпай бізге ауадай қажет еді. Алдағы ойындар үздік үштікпен болатынын білемін, аздап тынығып, соларға қарсы жақсылап дайындаламыз. Мықты қарсыластармен бақ таласу өзімізге де қызық болары сөзсіз. Ал «Тобылға» сәттілік!