JETISY FK

Жаңалықтар

«Жетісу» ойыншысы Анес Рушевич «Тобылмен» болған кездесу жөнінде:
26 Қыркүйек, 2023 «Жетісу» ойыншысы Анес Рушевич «Тобылмен» болған кездесу жөнінде: 1480
«Жетісу» ойыншысы Анес Рушевич «Тобылмен» болған кездесу жөнінде:
- Мен «Жетісуға» келгеннен бері біз көптеген жақсы ойындар өткіздік, бірақ әрқашан жолымыз бола бермейтін.

 Менің ойымша, кеше біз өз ойынымызды көрсете алдық, тіпті «Қайратқа» қарсы да жақсы өнер көрсеттік, әрқашан соңына дейін күресуге тырыстық, бірақ нәтиже әрқашан көрінбейді. Гол жіберіп алғаннан кейін көңілімізді жоғалтпағанымызға, алға жылжуды жалғастырып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға шыққанымызға қуаныштымын. Менің ойымша, біз бірінші лигадан енді ғана шыққан жас командамыз, бірақ матчтан матчқа өсіп келе жатырмыз. Біз күн сайын жақсы жұмыс істейміз, 28 ұпайдан жоғары болуымыз керек деп ойлаймын, бірақ бұл футбол және нәтижелер әртүрлі. Маусымның аяқталуына санаулы ойындар қалды және Премьер-Лигада қалу үшін алған әрбір ұпайымыз алтынмен тең. Бұл міндетті орындап, келесі маусымда жақсы нәтиже көрсете алатынымызға сенімдімін. Жаттықтырушылар штабын және ойыншыларымызды осы жеңісімен құттықтағым келеді, өйткені команда ретінде біз көптеген сәттерде мықтырақ болдық. 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2024 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2024 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru