Жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрмасы әлем чемпионатына шығып көрмеді десек, бұл қателік болар еді. Осыдан 15 жыл бұрын еліміздің жастар құрама командасы Азия біріншілігінде жүлдегер атанып, өз тарихында бірінші рет дүние жүзілік додаға қатысқан еді. Сол кездегі команданың белді өкілі әрі капитаны Айдар Күмісбековтың еңбегін мамандар ерекше бағалайды. «Ертіс» клубында жүріп ел чемпионы болған талдықорғандық спортшыны тасқамал қорғаушы деп те атайды. Қазір ол спорттық ғұмырын аяқтап, бапкерлік іске ауысқан.
Бір кездері жасыл алаңда көзге түсіп, талай жыл ел құрамасының корғаушысы болған Айдар Күсімбеков бүгінде бапкерлік қызметке бет бұрған. Қазір Талдықорғандық Жетісу клубының қолсалқы құрамын жаттықтырады. Сонымен қатар кіші топтағы балаларға да футбол ойынының қыр сырын үйретіп, шеберлігін шыңдайды.
Айдар Күмісбеков футболдан спорт шебері
Арасында бабаларға келіп жаңағы өз көмегімізді көрсетеміз. Өіміздің туған туған жеріміз осы жер болғаннан кейін Талдықорған жақсы бір команда болса екен. Жақсы ойыншыар коп болса екен деп үміт артамыз.
Айдар Күмісбековтың үлкен футболға келуіне 1992-ші жылы «Намыс» клубының Толдықорғанда өткен іріктеу сыны себеп болды. Ол, Павлодардың «Ертіс» командасында жүріп, Ел чемпионы болды. Астана мен Қайрат сапында Қазақстан кубогын екі мәрте иеленді. Сонымен қатар, ең үздік қорғаушы атанды. Әсіресе, Айдар Күмісбеков үшін 2011-ші жылы примьер-лигадағы «Жетісу» клубында ойнап, жеңіп алған күміс медальдың орны бөлек. Оның ендігі мақсаты жергілікті жердің саңлақартының деңгейін өсіріп, «Жетісу» клубының қатарына қосу.
Асылан Мұхтарұлы жаттықтырушы
Айдар Аүмісбеков ағамыз Талдықорғанда ең үздік ағамыз енді. Талдықорған өңірінің мақтанышы деуге де болады. Жастар құрамасынан әлем чемпионатына қаысқан талдықорған өңірі бойынша бірінші футболист. Біз енді сол кісіге қарап өстік. Оны үлгі тұтамыз
Айдар Күмісбеков Талдықорғандық жастарға үлгі-өнеге бола білген спортшы. Оған қарап көптеген Алматы облысының спортшылары бой түзейді. Ол, Талдықорған футболының болашағына толық сенеді.
http://zhetysutv.kz/news/2139-akmsbekov-masatym-blgenmd-balalara-yretu.html