JETISY FK

Жаңалықтар

Алмас Құлшынбаев: “Жетісу" жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын”
12 Қаңтар, 2016 Алмас Құлшынбаев: “Жетісу 4507
Алмас Құлшынбаев: “Жетісу
«Жетісу» футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Талдықорғандық команданың тізгінін ресми түрде қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев ұстады

- Алмас Жақанұлы, Cізді толық «Жетісу» клубының бас бапкері деп айтуға болады ма?

- Иә, бүгін мен ресми түрде «Жетісу» футбол клубының бас бапкері атандым.

- Командамен қанша жылдық келісім-шартқа отырдыңыз?

- Бізде облыс және клуб басшылары қазақстандық мамандарға бір жылдан ұзақ ұсыныс жасамайды. Мен де талдықорғандық клубпен бір жылға келісім-шартқа отырдым.

- Облыс басшыларымен кездесіп, келісім-шартқа отырдыңыз. Келер маусымда клуб алдына қандай мақсаттар қойылды?

- Бұл сұрақты әлі нақты талқылап үлгере алмадық. Дегенмен де, әр бапкердің міндеті - жанкүйерлерін жеңіспен қуанту ғой. Алдағы маусымда мен де «Жетісу» жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын. Мүмкін болса үздік алтылыққа кіру үшін тынбай еңбек етеміз.

- Сізден бөлек клубтың бапкерлер қосынына қандай жаңа мамандар келді?

- Менен бөлек бапкерлер қатарына Марат Есмұратов деген азамат келді. Сонымен қатар, клуб басшылары қақпашыларды дайындауға Тілеужан Әбілқасымовты шақырып отыр.

- Клуб қатарында келер маусымда қандай жаңа футболшылар болуы мүмкін?

- Мен бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Өйткені, облыс тарапынан бізге әлі нақты бюджет бөлінген жоқ. Ақша аударылғанда көретін боламыз. Дегенмен алдағы маусымда клуб сапында танымал шет елдік футболшылар болады деп айта алмаймын. Дүниежүзінде болып жатқан дағдарыс бізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Есесіне біз келер маусымда жергілікті жас футболшыларға көп көңіл бөлеміз. Сол жігіттерді мейлінше көп ойнатуға тырысамыз.

- Сұқбатыңызға рақмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2024 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2024 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru