Жаңалықтар
- Иван Геннадьевич, командаңыз бірнеше күндер бойы Бірыңғай Араб Әмірліктері елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Қай футболистермен келісім-шартқа отырдыңдар?
- Толығырақ айта алмаймын, бірақ өткен маусымда ойнағандардың көбі командада қалды, Бірнеше күннен кейін олармен келісім-шартқа отырамыз, деп ойлаймын. Тағы да басқа елдердің футболшыларын қараудамыз. Мысалы, Венгрия, Сербия, Нигерия, Франция, Кот-д'Ивуар және Белоруссия елдерінен ойыншылар бар. Марко Джалович, Боти Демель, Дидье Кадио секілді футболшылар жақын арада бізде ойнады. Оларды да шақырдық.
- Жаңадан келген қазақстандық футболшылар бар ма?
- Негізінде ойыншыларымыз командада қалды. Соларға қоса, Бірінші лигадан келген футболшылар да байқауға келген. Солардың қатарында Утробин, Вяткин және Шабаев бар. Біз кез-келген футболшыға өзінің қабілетін дәлелдеуге мүмкіндік береміз.
- Өкінішке орай, Саят Сариев "Алтайға" кетті.
- Егер ол "Астана", "Тобыл" немесе "Ақтөбе" секілді мықты командаларға кетсе, осы футболшыны айырулардың қатарына қосар едім. "Алтай" сондай мықты командаларға әзірше жатпайды.
- Жаңа бапкер Алмас Құлшынбаев туралы айта аласыз ба?
- Біз екеуіміз бір жыл жұмыс атқардық. Ол менің талаптарымды, бапкерлік талаптарымды біледі. Сондықтан басқа маман іздеудің қажеті шамалы. Құлшынбаев - мықты және қазіргі заманға сай жаттығу жиынын өткізетін бапкер.