Жаңалықтар
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Қызыл-Жармен» ойын жайлы пікірін айтты:
15 Мамыр, 2023
516


– Ауа-райы командалық ойынға өз әсерін тигізді. Өте ауыр болды. «Қызыл-Жар» өте жинақы команда, ал біздің ойын бойынша қауіпті сәттеріміз аз болды. Жетпіс минуттай қарсыластық, бірақ одан артық шыдамадық, өз мүмкіндігімізді қолданбай, қақпамыздың алдында қателікпен гол жібердік. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Команда көшбасшылар тобында, олар маусымды жақсы бастады, сәттілік тілеймін!