Жаңалықтар
«Жетісудың» бас бапкері Асқар Қожабергенов «Оқжетпеспен» болған ойын жайлы пікірін айтты
7 Мамыр, 2023
569


– Бұл турнир кестесіндегі көршілердің тартысқа толы кездесуі болды. Командамыз ойынды қолға алып, алғашқы минуттардан-ақ қысым көрсетуі қажет еді, бірақ қарымта шабуылдарды өткізіп алдық. Сол себепті бірінші таймда қарсыластың қауіпті сәттері көбірек болды. Есеп бізді қанағаттандырмаған соң үзілісте өзгерістер енгізіп, жаңа ойыншыларды шығардық, десе де қарымта шабуылдарға тосқауыл қоя алмадық. Алайда жасаған қысымымыз матч соңында өз жемісін берді. Шешім қабылдау кезіндегі және шабуылдағы қателіктермен жұмыс жасауымыз керек, әсіресе қаптал мәселесін дұрыстап қарастырамыз. Қуанышымызға орай, ойын біздің пайдамызға аяқталды. Өте маңызды жеңіспен және мерекемен барша жанкүйерлерді құттықтаймын!