Жаңалықтар
«Оқжетпестің» бас бапкері Сергей Попков «Жетісуға» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті
7 Мамыр, 2023
582


- Соңы біз үшін ауыр аяқталғандықтан бірдеңені ашып айту қиын. Алаң иелері үшін қорытынды есеп қуаныш сыйлағаны түсінікті, Асқар Сейдахметұлын алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Ойынға қарап, біз жеңіліске лайықпыз деп айта алмаймын, себебі бізде қауіпті сәттер көп болды, ойыншыларға матч үшін алғыс айттым. Иә, кей сәттерде шабуылдар соңына дейін аяқталмады, егер ойымыз іске асқанда ойын біздің пайдамызға аяқталар еді. Бәлкім бұл біз үшін сынақ шығар, өйткені «Шахтёрмен» кездесуде де соңғы минутта гол өткізгенбіз. Біз үшін ауыр соққы, бірақ бастысы алға жылжуды тоқтатпаймыз.