Жаңалықтар
«ЖЕТІСУ» ҚОРҒАУШЫСЫ АСХАТ БАЛТАБЕКОВ «ОРДАБАСЫМЕН» матчқа пікірін білдірді
15 Наурыз, 2023
422


Несін айтамын, үшінші матч қатарынан жеребенің арқасында «Ақтөбе», «Астана», «Ордабасы» мықты командаларымен ойнаймыз, бірақ әр жолы лайықты қарсылық көрсетуге тырысамыз.
Бүгін мықты қарсылас болғанымен, көбірек шабуылдауға тырыстық, бірнеше қауіпті мүмкіндіктер тудырдық, бірақ жүзеге аспай қалды. Бізді ұрыспай берді деп ешкім кінәлай алмайды деп ойлаймын. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Футбол – бұл футбол, жеңетін болса, жеңілетіні де бар. Жанкүйерлерімізді жеңістермен қуантуға әлі де уақытымыз бар екеніне сенімдімін